Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Жақында жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік пен төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды ұшақпен жеткізу жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл мәселе Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды. Газа секторында орын алған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты елімізден осындай қолдау туралы шешім қабылданды. Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Палестина халқына 1 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек жіберген.