Қазақстан мен Пәкістан сауда-экономикалық байланыстарын нығайтады

Қазақстан мен Пәкістан сауда-экономикалық байланыстарын нығайтады

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы айтарлықтай өсім көрсетіп отыр. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, өткен жылдың 11 айында өзара алыс-беріс 100 млн доллардан асқан. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Мұндағы Қазақстанның экспорты 5 есе артып, 56 млн долларды құраған. Атап өтерлік жайт, Пәкістанға жеткізілетін барлық өнімнің 94% мұнай құрайды. Қалған бөлігін дәнді дақылдар мен сұлы алады, ал кері бағытта картоп, дәрілік препараттар, трикотаж әкелінеді.

Екі ел логистика және транзит саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Айталық, Қазақстан Гвадар порты арқылы Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізімен теңізге тікелей шыға алады. Осылайша, біздің еліміз жаһандық сауда бағыттарына қол жеткізуі ықтимал.  Орталық Азия бойынша сарапшы, Пәкістанның қазіргі заманғы тілдер ұлттық университетінің халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Сарват Рауф екі ел де көлік-логистикалық орталық ретінде дамуға ұмтылып отырғанын айтады. Сондықтан Астана-Исламабад ынтымақтастығы бұл салаға тың серпін бере алады. 

Сарват Рауф, Орталық Азия бойынша сарапшы /Пәкістан/:

-Жібек жолының экономикалық белдеуі қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қазақстан Қырғызстан арқылы Қытайға, одан кейін теңіз портына шығу мүмкіндігін де пайдалана алады. Пәкістан үшін бұл жүк ағындары порттық инфрақұрылымды қосымша жүктеп, жаңа логистикалық мүмкіндіктер ашады. Жібек жолының экономикалық белдеуін пайдалану тек Орталық Азия елдеріне ғана емес, Пәкістанға да тиімді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?