Вьетнам Қазақстанның
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ірі сауда серіктесіне айналды. Соңғы екі жылда
мемлекеттер арсындағы тауарайнаым 1 млрд долларға жуықтады. Тараптар 2030-жылға
қарай бұл көрсеткішті 5 млрд-қа жеткізуді көздеп отыр. Нарыққа шығатын экспорт
көлемі де артты. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, көрсеткіш 14
процентке өсіп, 205 млн долларға жетті. Қазақстан Вьетнамға қорғасын,
ферроқорытпалар, мырыш секілді мұнайхимия және металлургия өнімдерін жеткізеді.
Нәтижені еселеу маңызды. Сондықтан еліміз экспортқа шығатын тауарлардың түрі
мен көлемін арттыруға әзір.

