Қазақстан мен Әзербайжан бизнес-форумында 16 меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Әзербайжан бизнес-форумында 16 меморандумға қол қойды

Астанада Қазақстан-Әзербайжан бизнес-форумында іскер топтар ынтымақтастық туралы 16 меморандумға қол қойды. Құжаттар негізінен өнеркәсіп, туризм, білім, цифрлық технология және логистика салаларын қамтиды. Әріптестік бағыттарының бірі – экспортты қолдау жөніндегі ұлттық институттар QazTrade пен AZPROMO арасындағы өзара меморандум болды. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру және үшінші елдердің нарықтарына шығу жөнінде келісті.

Айтмұхаммед Алдажаров, «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры:

- Қазақстан сапалы ауыл шаруашылығы тауарлары мен қайта өңдеу өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ бірге қаптама жасау, сақтау және үшінші елдердің нарығына шығуды ілгерілету үшін әпітестік аясын нығйтуға дайын. Біз Әзербайжанды сауда серіктесі ретінде ғана емес, стратегиялық, логистикалық және қайта өңдеу хабы ретінде де қарастырамыз. Өнеркәсіптік ынтымақтастыққа да үлкен көңіл бөлінеді. Бізде қаптама материалдарын қайта өңдеу, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп саласында бірлескен кәсіпорындар құру үшін айтарлықтай әлеует бар.

Әзербайжан тарапы да серіктестік аясын кеңейтуге ниетті екенін мәлімдеді. Туристік бағыт, көлік пен логистиканың болашағы зор. Бизнес өкілдері Қытай, Қазақстан және Әзербайжанды кәрі құрлық нарықтармен байланыстыратын Транскаспий немесе Орта дәліз аясындағы өзара ынтымақтастықты тиімді деп санайды. Сондай-ақ, келісімдер елдерге тауар айналымын арттыруға және Еуразиядағы негізгі серіктестер ретіндегі ұстанымдарын нығайтуға септеседі. Айта кетейік, елдер арасындағы алыс-беріс әлеуеті артып келеді. Биыл сауда 500 млн доллардан асты. Бизнес форумға 100-ден астам компания қатысты. Бұл өзара байланыстарды арттыруға деген қызығушылықтың белгісі.

Юсиф Абдуллаев, Azpromo Әзербайжан экспорты мен инвестицияларын көтермелеу агенттігінің атқарушы директоры:

- Өзара ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Сондықтан да форумда  логистикалық компаниялардың қарасы қалың. Осы орайда порттардың  өзара әріптестік орнатуы маңызды. Біздің шекарамыз Каспий теңізінде орналасқан Алят порты кеңейтіледі.  Тауар айналымын 15 млн нан 20 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?