Туризм саласына инвестициялар тарту бойынша үздік 5 өңір

Туризм саласына инвестициялар тарту бойынша үздік 5 өңір

Қазақстанда туризм саласына инвестициялардың ағыны айтарлықтай артқаны байқалады. Тек биылғы 7 ай қорытындысы бойынша олардың негізгі капиталға түсімі 467 млрд теңгеден асқан. Бұл былтырдың сәйкес кезеңінен екі есеге артық. Осы ретте бизнестің саяхат бағытына қызығушылық әсіресе елдің 14 өңірінде жақсы сезіледі. Осы салаға қаржы тарту бойынша үздік бес аймаққа Астана, Алматы, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент кіреді. Бұл өлкелердің жиһангездер үшін аса тартымды екені даусыз. Саяхатшылар қатары артқан сайын жаңа туристік нысандарды құруға, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ден қойылады. Қаржының дені осыған жұмсалады. Бұл жалпы елдің туристік әлеуетін арттыруға ықпал етеді дейді, сарапшылар.