Қазақстан мен Пәкістан өзара сауда көлемін 1 млрд долларға дейін арттыруға ниетті. Бұл ретте біздің ел аталмыш мемлекетке экспортын 40 түрлі тауарға ұлғайтуға дайын. Бұны Исламабадта қазақстандық делегация Пәкістан сауда министрімен кездесуде жеткізді. Тараптар геологиялық барлау және тау-кен өндірісі, тоқыма өнеркәсібі, IT және жасанды интеллект салаларында, сондай-ақ кадр даярлау бағытында ынтымақтастықтың болашағына ерекше назар аударды. Айта кетейік биыл 7 айда елдеріміз арасындағы сауда көлемі 90 млн долларға жуықтады. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырсақ 2,5 есе жоғары. Оның жартысынан астамы қазақстандық экспорттың үлесіне тиесілі.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Қазіргі таңда үлкен келісім шарт дайындап жатырмыз. Бұл келісімшарт бізге
көлік, сауда жағынан мүмкіншіліктер береді. Ол заңнамалық тұрғыда негіздеме
жасап береді. Енді біз нақты ірі
компаниялармен жұмыс жобаларын талқылап, нақты келісімшарттарға қол қоятын жол
ашамыз.

