Қазақстандық химия өнеркәсібінің сыртқы нарыққа экспорты артып келеді. Осылайша, отандық тауар өндірушілер шетелге 559,5 млн доллардың өнімін жеткізді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47%-ке жоғары.
Айта кету керек, биылғы жылдың 5 айында отандық тауар өндірушілердің нарықтағы үлесі артқан. Ол 9,3% құрады. Сарапшылар халықаралық өңдеу өнеркәсібі көрмесі аясында саланың дамуын талқылады, деп хабарлайды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Салалық өндірістің ең үлкен үлесі «өнеркәсіпке арналған химикаттар» секторына тиесілі. Ол 65% астамын құрады. Одан кейін агрохимя - 22%, «базалық мұнай-химия» секторы – 11,5% құрады. Жалпы, химия саласы өндірісі 400 миллиард теңгеден сәл асқан. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіштен 58,7%-ке жоғары.