Қазақстанда қант тапшылығы жоқ. Осы айда елімізде тәтті өнімнің 37 мың тоннасы өндіріледі, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың тұрақтандыру қорлары төмен бағамен қант сатуды жүзеге асырып жатыр. Ал облыстардың сауда желілері халыққа өнімнің белгілі бір мөлшерін сатуы – алыпсатарлардың спекуляциялық әрекетін тыю үшін қолға алынған шара. Өнім барлық базар мен басқа да сауда орындарында нарықтық бағамен еркін сатылып жатыр. Айта кететіні, отандық зауыттарда қант өндірісі еш тоқтаған емес. Республикадағы қант қоры 27 мыңға жуық тоннаны құрап отыр.
Дамир Егізбаев, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы:
– Азық-түлік корпорациясы акционерлік қоғамы ішкі нарыққа қант жеткізумен айналысады. Министрлік өңірлерге қант жеткізуді жедел ұйымдастыру мақсатында мүдделі тараптармен бірлесіп, Қазақстан аумағы бойынша теміржол көлігімен жүктердің кедергісіз қозғалысын жүзеге асырады.