Мұндай пікірді Азия
инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің сарапшылары білдірді. Бүгінгі таңда қаржы институты ел үкіметімен бірлесе
отырып, баламалы энергетика саласындағы жобаларды қолға алуда. Қазірдің өзінде банк қуаттылығы 100 МВт болатын Жаңатас
жел электр станциясының құрылысына 47 миллион долларға жуық қаражат салып үлгерді. Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты –
көлік инфрақұрылымын дамыту. Қазақстан үкіметі логистикалық бағыттарды
әртараптандыруды жоспарлап отырғаны белгілі. Соның бірі –
Транскаспий халықаралық бағыты. Бірлескен жұмыс Азия инфрақұрылымдық
инвестициялар банкінің жыл сайынғы жиналысында жалғасын табады деп күтілуде. Ол осы қыркүйекте Шарм-Эль-Шейхте өтеді.