Түркі әлемі үшін басты мейрам – Наурыздың
түп-тамыры сан ғасырлық тереңдікте жатыр. Ғалымдардың пікірінше, көктемнің
келгенінен белгі беретін бұл ерекше күн осыдан 5 мың жыл бұрын тойлана
бастаған. Ол ежелгі Иранда күнге табынушылық болған кезден бастау алған.
Себебі, Парсылықтар Күнді бар тіршіліктің нәрі ретінде қарастырған. Бұл
наным-сенім мен осыған байланысты дәстүрлер кең аумаққа таралды. Бүгінде күн
жылынып қана қоймай, адамдарға ерекше көңіл-күй сыйлайтын бұл мейрамды
Қазақстаннан бөлек, Әзербайжан, Ауғанстан, Үндістан, Иран, Қырғызстан,
Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және өзге мемлекеттерде
атап өтеді. Белгілі болғандай бұрында Наурыз мейрамын тойлау 53 күн созылған.
Ал, қазір ол 1 аптадан басталып 3 аптаға дейін тойланады.
Али Акбар Талеби Матин, Иран
Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі:
-Иранда да Наурыз мерекесі кең
көлемде тойлануда, елімізде жаңа мерекесі 13 күнге созылады. Дастарханға «Хафт
син» сияқты тағам ұсынылады. Бұл тағам жеті компоненттен тұрады. Біз
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамын ауқымды 10 күндік мерекелеу туралы
шешімін қолдаймыз. Мен осы көктемгі мерекеде барша қазақстандықтарға
бақ-береке, денсаулық және барлық жақсылықты тілеймін.
Наурызды қаншалықты жақсы атап өтсең, келер жыл
да соншалықты берекелі болады деген наным-сенім бар. Сондықтан, мерекелік
салт-дәстүр мен жоралғылар көп. Әдетте, ұлыстың ұлы күні «Ырыс мол болсын, ақ
көп болсын» деген ниетпен дастархан жайып, ыдысты сүт пен айранға толтыру
дәстүрге айналған. Ғалымдардың айтуынша, күн мен түннің теңескен кезді
тойлайтын бұл мейрамның тарихы өте терең әрі бұл мейрам жоғалмақ емес.
Асқар Жүсіпбеков, Л.Н. Гумилёв
атындағы ЕҰУ профессоры:
-Наурыз мейрамы Ираннан бастау
алады. Сондықтан біздің өткізіп отырғанымыз - бұл мерекенің бір бөлігі ғана.
Бұл біздің өміріміздің барлық саласына оң әсерін тигізетін көктем мерекесі деп
есептеймін, сондай-ақ бүгінгі күндері оны өткізетін ауқымды да құптау керек,
бұл өте пайдалы әрі құнды, өйткені бұл біздің ұлттық мәдениетіміз.
Ежелгі көктемгі мерекені тойлайтын елдердің
әрқайсысында Наурыз мейрамына байланысты түрлі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көп.
Алайда, олардың барлығы үйдегі береке мен бірлікті, қонақжайлылықты, сондай-ақ
отбасылық және мәдени құндылықтарды сақтауға бағытталған. Жалпы, бүгінде әлемде
300 миллионнан астам адам Наурыз мерекесін атап өтуде. Ал 2009 жылдан
бастап ЮНЕСКО оны адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік
тізіміне енгізді.