Қазақстан кітапханаларының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады

Қазақстан кітапханаларының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады

Қазақстанда бірыңғай автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе құрылады. Елімізде барлық рухани азық қорларының электрондық базасын біріктіретін «Е-АБИС» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Яғни, ортақ сандық алаң сала қызметін реттеп, бір жүйеге келтіреді. Бұл жөнінде Сенатта Ұлттық кітапхана басшысы мәлімдеді.

Ғазиза Нұрғалиева, Ұлтық кітапхананың директоры:

- Қазір қаржылық қолдауға дейінгі бүкіл пакет жұмыс дайын тұр. Тіпті қазіргі уақытта әдістемелік нұсқаулығына дейін дайын тұр. Бүкіл кітапханаларға барлық сала бойынша ортақ үлкен ереже әзірледік. Екі ұлттық кітапхана бірлесіп осы құжаттардың барлығын біздің куратор комитетке өз тарапымыздан көмек беріп жатырмыз.

Бүгінде елімізде 4 мыңға жуық кітапхана бар. Олардың жалпы қоры 72 млн 600 мыңнан асты. Оның 14 жарым мыңың қолжазбалар мен сирек басылымдар құрайды. Елде отандық кітапханаларды жаңғыртудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы жүзеге асып жатқанын айта кету керек. Онда саланы цифрландыруға басымдық берілген.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?