Қазақстан бес елмен «Ашық аспан» режимін орнатады

Қазақстан бес елмен «Ашық аспан» режимін орнатады

Қазақстан Сингапур, Вьетнам, Марокко, Эфиопия және Грузиямен «ашық аспан» режимін орнатады. Көлік министрлігінің мәліметінше, тасымалдаушыларға «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану құқығы беріледі. Біздің еліміз басқа мемлекеттермен де тұрақты рейстерді орындау мақсатында құқықтық базаны кеңейту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізді. Вьетнам, Марокко, Эфиопия және Руандаға рейстер саны  5 есеге артады. Бұдан бөлек Қазақстан мен Ресейден Байқоңырға әуе қатынасы ашылады.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?