ДДСҰ  Қазақстанның МСАК сапасына жоғары баға берді

Қазақстанда соңғы 10 жылда денсаулық сақтау саласының тиімділігі екі есеге өсті. Сондай-ақ еліміз қысқамерзімде өмір сүру ұзақтығының артуы бойынша жақсы көрсеткіштерге жетті. ДДСҰ мәлімдеуінше, бұл нәтижелер, тіпті, кейбір Еуропа елдеріне қарағанда жоғары. Халықаралық сала мамандары Қазақстан медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуда да жаһандық көшбасшылардың біріне айналып келетінін айтады.

Сурайя Далил, ДДҰ-ның МСАК жөніндегі арнайы бағдарламасының директоры:
-
Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға бағытталған Еуропалық орталығы орналасқан. Ол осы сала мамандарына алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қалай жүзеге асырылатынын көрсететін  бірегей оқу орталығы болып табылады.  Мен бұл танымдық алаңға біліктілігін арттырып, шеберлік алмасу мақсатында Орталық Азия елдерінен бірқатар делегация келгенін білемін. Менің ойымша, осы орталық пен Қазақстанның бұл тың тәжірибсін өңірдің басқа да елдеріне таратуға үлкен септігі тиіп жатыр.

Жером Вейнбах, Франция денсаулық сақтау министрлігі еуропалық және халықаралық қатынастар бөлімі директорының орынбасары:
-
Жақында Қазақстан мен Франция денсаулық сақтау саласы бойынша өзара ынтымақтастық меморандумын жасасуға ниетті.  Біздің әріптестік өңірлердегі шалғай елді-мекендерге алғашқы медициналық көмектің қолжетімжділігі негізінде құрылмақ. Қазақстан – өте үлкен ел. Дей тұра, осы салада үлкен жетістіктерге жетті. Бізге елде осы салада ендіріліп жатқан жаңа технологиялар қызықты. Сондай-ақ жергілікті  ауруханаларды дамытуға қатысты жаңа пилоттық жобалармен жақын  танысқымыз келеді. Сондықтан осы бағытта тығыз әріптестік орнатуға ниеттіміз.