Қазақстан мен Нидерланд агросалада ынтымақтастықты арттырады

Қазақстан мен Нидерланд агросалада ынтымақтастықты арттырады

Қазақстан мен Нидерланд ынтымақтастықты арттырады. Басым бағыттардың бірі - ауыл шаруашылығы мен «жасыл» білім беру. Батыс Еуропа елі соңғы жетістіктерімен және ғылыми жұмыстарымен бөліспекші. Атап айтқанда, су және энергия үнемдеу технологиялары, жылыжайлар мен бейімделген ауылшаруашылық өсімдіктерін пайдалануда жинаған тәжірибелерін паш етпек. Оның үстіне, шетелдік мамандар әлемдік азық-түлік нарығында көшбасшылардың біріне айналу үшін біздің елде барлық мүмкіндіктер бар деп отыр. Халықаралық мамандандырылған көрме тараптарға іскерлік байланыс орнатуға ықпал етеді. Астанаға 20 елден 200-ден астам компания өкілдері жиналды.

Ян-Кейс Худ, Нидерланд ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғат министрлігінің бас хатшысы:

- Иә, Қазақстан және Нидерланд үкіметі бірлесіп тығыз жұмыс істейміз. Біріккен жұмыс тобы мен ынтымақтастық үшін көптеген бағыт бар. Тек жылыжай немесе гүл бизнесінде ғана емес. Сондай-ақ, ветеринария, картоп өсіру, құс шаруашылығы, «жасыл білім» беру саласында мүмкіндіктер мол. Әсіресе, агро және азық-түлік секторының келешегі зор.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?