Республиканың жаңартылған Ата заңы барлық заманауи талаптарға жауап береді. Бұл туралы Парламенттің бірлескен отырысында Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми мәлімдеді. Ол Кеңестің 26 жылдық жұмысының қорытындысын жыл сайынғы «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Жолдауында атап өтті. Оның айтуынша, барлығы 140-тан астам нормативтік қаулы қабылданып, 30 заң мен халықаралық шарттар конституциялық емес деп танылды. Сондай-ақ, Конституцияға сәйкес деп қоғамдық резонанс тудырған бірқатар заңдар қабылданған. Олардың қатарында Жер кодексі, қолданыстағы «саяси партиялар туралы» заң, және тағы басқалары. Ал Референдумда қабылданған түзетулер қоғам мен мемлекетті одан әрі дамытуға негіз қалап, жаңа Қазақстанды құру жолында ортақ мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп атап өтті Қайрат Мәми.