Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Моңғолия өзара зейнетақы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады. Мәжіліс осыған бағытталған құжатты мақұлдады. Үкіметаралық келісім екі ел азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарын қорғайды. Заңнамалық құжатқа сәйкес, Қазақстан мен Моңғолия азаматтарының қоныс аударуы барысында екі елде жинақталған жалпы жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Зейнетақыны тағайындау және төлеу азаматтың тұрғылықты мемлекетінің заңнамасы бойынша жүзеге асырылады.

Виктория Шегай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

– 2024 жылғы 29 қазанда Мемлекет басшысының Монғолия жұмыс сапары барысында үкіметаралық келісімге қол қойылды. Заң жобасы осы келісімді ратификациялауды көздейді. Қазақстан мен Монғолияның зайнетақы саласындағы үкіметаралық келісімінің мазмұнына келсек, біріншіден азаматтарға зейнетақы тағайындау тәртібін реттеу, соның ішінде еңбек өтілін бірлесіп есепке алу көзделеді. Сондай-ақ, әскери қызмет және жоғары, орта білім беру орындарындағы оқу мерзімі еңбек өтіліне есепке алынады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?