Қызығушылықты
анықтау мен психологиялық көмектен бастап, мамандық таңдауға дейін – мұның
бәрін отандық жасанды интеллект платформасы арқылы атқару мүмкін болмақ.
Қазақстандық WeGlobal.ai өнертабысы жасөспірімдерді қызықтырған мамандықты ерте
жастан анықтап, қосымша көңіл бөлуді қажет ететін бағыттарды көрсетеді. Жалпы
алғанда, бұған дейін мектеп қабырғасында баланың психо-эмоционалды қалпын
бағамдау айына бірнеше рет жүргізілсе, бұдан былай мұны бір тесттің көмегімен
анықтауға болады. Бұл педагогтерге әр оқушыға қажетті жеке оқу бағдарламасын
таңдап, бейімдеуге мүмкіндік береді. Пилоттық сынақ барысында EdTech стартап өз
тиімділігін растап, сұраныс тудырды. Қазір инновациялық жобаны Қазақстан
бойынша мыңға тарта оқу орны қолданысқа енгізген. Бұдан бөлек, платформа
шетелдік білім беру ұйымдарының қызығушылығын тудырып отыр.
Ақжол Замбаев,
Weglobal AI жобасының құрылтайшысы, бас директоры:
- Біздің
платформамызға Өзбекстаннан да қызуғышылық болып жатыр. Қазіргі кезде
жергілікті партнерларымызбен бірге Ташкент қаласында өзіміздің платформамызда
жүзеге асырғалы жатырмыз. Қаңтардың 21 Англияға ұшқалы жатырмыз. Ол жақта да
мектептерден сұраныстар бар.
Astana
Innovations Accelerator қатысушылары арасынан өзге де 13 стартап өз
өміршеңдігін дәлелдеп, кең көлемде іске қосылуға дайын. Жобалар медицина, білім
беру, қала инфрақұрлымы мен қауіпсіздігі бағыттарында тың шешім ұсынған. Astana
Hub өкілдері алғашқыда бағдарламаға қатысуға 160 өтінім келіп түскенін айтады,
оның ішінен 21 технологиялық шешім таңдап алынды. Командалар 8 апта бойы өз
өнертабыстарын елорда қажеттіліктеріне бейімдеген. Қазір олар Астананың қалалық
мекемелерінде пилоттық режимде қолданыс тапқан.
Әшімбек
Абылғазинов, Astana Hub бизнес бағдарламалар кеңсесінің бас менеджері:
– Осы
өткізілген пилоттың арқасында ертен болашақта жаңа тендер ұйымдастырылып, жаңа
бағыттар ашылады. Бюджетті төмендету үшін, экономия болу үшін, әртүрлі шаралар
іздейді. Соның ішінде бұл стартаптар осы өздерінің жобаларымен көмегін көрсете
алады.

