Қазақстан Президенті Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен де кездесті. Будапештке жасаған мемлекеттік сапары аясында өткен инвестициялық дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша жеті коммерциялық құжатқа қол қойылды. Олар ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымын цифрландыру және білім беру сияқты салалардағы ынтымақтастыққа бағытталған. Қасым-Жомарт Тоқаев Сондай-ақ компания басшыларын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды. Онда венгр бизнесі қазақстандық кәсіпкерлермен іскерлік байланыстарының аясын кеңейте алады. Айта кетейік, аталған шара 2025 жылдың мамыр айына жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Биыл Қазақстан мен Мажарстанның Стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойғанына 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында біз өзара сенім мен ортақ мақсаттарға негізделген тығыз ынтымақтастықтың іргесін қаладық. Мажарстанның Қазақстанға құйған инвестициясы 370 млн долларға жетті. Елімізде мажарлардың 70-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында MOL Group және Gedeon Richter секілді компаниялар бар. Қазіргі таңда машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында жалпы инвестиция көлемі 540 млн доллардан асатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі пысықталып жатыр.
Жеңіс Ермұқанов

