Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстанда болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Владимир Путинге және Ресей халқына телефонмен әңгімелесу барысында көңіл айтты. Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындардың өміріне жасалған кез келген қастандық пен зұлымдық әрекетті Қазақстан батыл айыптайтынын әрі оны халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке төнген зор қауіп ретінде қарастыратынын жеткізді. Тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы күресте тығыз ықпалдастықты жалғастыру маңызды екеніне назар аударды. Президенттер сондай-ақ Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін талқылады.