Конституциялық реформа - саяси жаңғырудың негізгі кезеңі

Конституциялық реформа - саяси жаңғырудың негізгі кезеңі

Ұлттық құрылтайда Әділетті Қазақстанның жаңа конституциялық моделі мен мемлекеттіліктің жаңа келбеті айқындалды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында осылай деді. Спикер еліміздің болашағына ықпал ететін реформаларды сапалы іске асыру және заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету кешенді тәсілді талап ететінін алға тартты. Ол үшін барлық мүдделі тараптың жүйелі әрі сындарлы өзара іс-қимылы, соның ішінде тиісті заңдарды уақтылы қабылдау керектігіне тоқталды. Сенат заңнамалық түзетулерді қажет ететін шешімдерді уақытылы пысықтауға, ел игілігіне бағытталған қызметін жоғары деңгейде атқаруға бейіл екенін жеткізді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Президентіміз болашақ Парламенттің атауы, құрлымы мен өкілеттілігі бойынша пікірін білдірді. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси және мемлекеттік билік институттарын реформалауды көздейтін ұсыныстарын жариялады. Олардың қатарында Халық кеңесі және вице-президент сияқты жаңа институттар бар. Осылайша, Ұлттық Құрлытайда әділетті Қазақстанның жаңа конституциялық моделі айқындалды деп айтуға толық негіз бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?