Өткен
жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің
тауар айналымы 2 есеге жуық өсті. 2024 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш
тағы 6%-ға артты. Бұл ретте қазақстандық ауыл
шаруашылығы тауарларының аспан асты еліне экспорты бір жыл ішінде 84%-ға
еселенді. Ел Премьер-Министрі Қытай Мемлекеттік
кеңесі Премьерінің орынбасарымен кездесу барысында
саладағы өзара іс-қимылды одан әрі арттыру перспективаларын талқылады. Мәселен,
Қазақстан Қытай нарығына органикалық және экологиялық таза ауыл шаруашылығы
өнімдерін жеткізу көлемін арттыруға дайын. АӨК саласында
терең өңдеу бойынша бірлескен жобаларды құру да басым
бағытқа ие. Өз кезегінде Лю Гочжун Қытайдың
жасанды интеллект, электронды коммерция, спутниктік байланыс және «жасыл»
энергетиканы дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттыруға деген ниетін
жеткізді. Айта
кетейік, бүгінде қос тарап 14,5 млрд доллардың 45 бірлескен жобасын жүзеге
асыруда.