Қазақстан Президенті жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрі Ермек
Көшербаевты қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы теңгерімді сыртқы саясатты
одан әрі нығайту, ұлттық мүддемізді халықаралық аренада белсенді ілгерілету,
экономикалық дипломатия мен инвестициялық серіктестікті күшейту бағытында нақты
тапсырма берді. Сондай-ақ, шетелде Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін
қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.

