Қазақстан мен Қырғызстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Қырғызстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстанның Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстанның Министрлер кабинетінің төрағасы және Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев өзара тауар айналымын арттыру тетіктерін талқылады. Бұл оның Астанаға алғашқы ресми сапары екенін айта кеткен жөн. Келіссөздер шағын және кеңейтілген құрамда жүргізілді. Тараптар елдер арасындағы сауда көлемінің артқанын аттап өтті. Мәселен былтыр өзара алыс-беріс 1 млрд 700 млн долларды құраған. Ал, 2030-шы жылға қарай бұл көрсеткішті еселеп, АҚШ валютасында 3 млрд-қа дейін жеткізу межеленіп отыр. Әңгімелесу барысында сауда, инвестиция, көлік, су энергетикасы, агроөндірістік кешен, туризм және мәдениет сынды салалардағы ынтымақтастық әлеуетіне ерекше көңіл бөлінді. Шу және Талас өзендері бойында вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз ету, Киров су қоймасын қауіпсіз пайдалану және өңірлік энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Олжас Бектенов Қазақстан Қырғыз елімен сауда-экономикалық әріптестігінің жоғары серпінін қолдауға дайын екенін жеткізді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:


- Мемлекет басшылары екі ел арасындағы тауар айналымын 2030-шы жылға қарай 3 млрд доллраға дейін жеткізу міндетін қойды. Үкіметтір осы міндетті іске асыру бағытында жұмысты жалғастыруда. Соңғы 15 жылда Қазақстанның Қырғыз экономикасына құйған инвестиция көлемі 1,3 млрд долларға ұлғайды. Мәдени-гуманитарлық байланыстарда тұрақты дамсып келеді. Қазақстан үкіметі барлық бағыттар бойынша қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестгінің жоағыры динамикасын қолдауға қашанда дайын.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?