Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын арттыруда. Үстіміздегі жылдың басынан бері екі ел арасындағы тауар айналымы 11 млрд долларды құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 26,7% көп. Қазақстаннан көрші республикаға бидай, күріш, цемент, табиғи газ конденсаты, тыңайтқыштар және басқа да өнімдер жөнелтілді. Сондай-ақ біздің елге ресейлік инвестициялардың көлемі де оң динамиканы көрсетіп отыр. Ол 10% астам өсіп, 12 млрд доллардан асты. Инвестициның басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне, саудаға, қаржылық және сақтандыру қызметіне тиесілі. Екі ел түрлі бірлескен ірі жобаларды жоспарлап отырғанын атап өткен жөн.
Олардың 30-ы бүгінде іске асырылу сатысында. Бұл – сауда, құрылыс индустриясы, фармацевтика, мұнай-химия және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобалар.