Қазақстан Нигерияға бидай экспорттайды

Қазақстан Нигерияға бидай экспорттайды

Қазақстанның бидайы енді Нигерияға экспортталады. Премьер-министр Олжас Бектенов аталған елдің Ифе Королі Оони Адеейе Энитан Огунвусимен кездесті. Жиында агоөндірістік кешен, геологиялық барлау, энергетика, инвестициялар бойынша екіжақты әріптестік мәселелері талқыланды. Өзара алыс-беріс, барыс келіс, яғни сауда мен логистика жағы да назарсыз қалмады. Тараптар отандық өнімдердің Орта дәліз арқылы Солтүстік және Батыс Африка нарығына шығу мүмкіндіктерін қарастырды. Бұл ретте ынтымақтастық әлеуеті зор. Айта кетсек, Қазақстанның Африка мемлекеттерімен тауар айналымы былтыр 15,%  өсіп, 790 млн долларға жуықтады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?