Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары Газиантептен эвакуацияланды

Олардың ішінде 42-сі қазақстандық, 22-сі Қырғызстан азаматы. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Еске сала кетейік, 8 ақпанда Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Қазақстаннан екінші арнайы рейс Газиантеп әуежайына қонды. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қазақстандық контингент құрамында құтқарушылар, кинологтар мен медицина қызметкерлері де барды.