Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы көрме ашылды

Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы көрме ашылды

Өткен күнде белгі бар. Елордада халық қаһарманы қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы – Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналған тарихи көрме ашылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспозиция  қаһарман ұшқыштың  ерлігін, өмірлік қағидасын өскелең ұрпаққа ұтымды жеткізу мен насихаттауды көздейді.  

Динара Бисембаева, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының міндетін атқарушы:

– Қанатты қыз – Хиуаз апамызға арналады  ең бірінші. Сонымен қатар, бұл жерде шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия батыр апамыз, Мәншүк апамыз рухтарына арналған экпозицияларымыз да орын алған бұл жерде. Толықтай алғанда мұндағы жәдігерлер саны 90 экпонаттың санын құрайды. Бұл жерде планшетті құрылымдарда фотосуреттер орын алса, сонымен қатар соғыс майданында пайдаланған соғыс жауынгерлерінің радио-телефон құралдары, сол замандағы кателектері, осындай әскери бұйымдар, техникалық құралдар орын алған.

Есімі аңызға айналған ұшқыштың  өмір жолы мен өнегесі бейнеленген көшпелі көрме 5 күнге созылады.