Қазақстандық «Мерген» фильмі халықаралық кинофестиваліне қатысады. Байқау 2-25 тамыз аралығында Канадада өтеді. Қысқаметражды картинаның авторы – дебютант режиссер Райымбек Әлжанов.
Туындыдағы оқиғалар желісі XVII ғасырдағы Ұлы даладағы соғыс кезінде өрбиді. Фильмде жас та болса, қолына қару алып, отбасын қоғауға бел буған Мерген есімді баланың өмірі баяндалады. Осымен 25-ші рет шымылдығын түретін Fantasia кинофестивалі - әлемдегі жанрлық фильмдерге арналған бірден бір байқау. Дәстүрлі беделді шара шеңберінде Квентин Тарантино түсірген «Абыройсыз жетесіздер» және Тимур Бекмамбетовтың «Түнгі барлау» фильмінің тұсауы кесіліп, көрермен жүрегін жаулаған болатын.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов