Астанада тұңғыш рет Наурыз мерекесіне орай «Наурыз балы» өтті. Оған түрлі елдердің дипломаттары мен елшілері, халықаралық ұйымдардың басшылары мен шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты. Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қонақтарды құттықтай отырып, биыл Наурыз мейрамын мерекелеу жаңа форматта өтіп жатқанын айтты. Сондай-ақ елді жаңғырту мен мәдени мұраны насихаттауға, республиканы әлемдік аренада ілгерілетуге бағытталған жобалар туралы да атап өтті. Сонымен қатар іс-шара барысында Qazaq culture ақпараттық-ағарту порталы таныстырылды. Мерекелік жиында Қазақстандағы тұңғыш «Birlik» ансамблі және «Zhoshy» фольклорлық тобы да өз өнерлерін паш етті. Өз кезегінде дипломатиялық бал қонақтары қазақстандықтарды жаңару, гүлдену, достық, махаббат мерекесімен құттықтады.
Кэти
Лич, Қазақстан Республикасындағы
Ұлыбритания Елшісі:
- Біз барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Мен қазақтың дәстүрі, мәдениетімен танысып, ұлттық киімдерді көргеніме қуаныштымын. Өте керемет мереке.
Хорхе Урбиола Лопес Де Монтенегро, Қазақстан Республикасындағы Испания Елшісі:
-Мұндағы атмосфера ғажап. Ең алдымен, қазақтың ұлттық нақышта оюмен
өрнектелген киімдері көздін жауын алалды. Ал музыканттар мен бишілердің
өнерлері әрқайсыиызды таңқалдырғаны анық. Мен қазақ әнін оркестрмен бірге
орындағаныма қуаныштымын. Бұл үлкен мәртебе деп ойлаймын.