Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогқа еліміздің жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын экономика мен әлеуметтік саланың басты бағыттарына енгізудегі негізгі жетістіктері көрсетілді. Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына елорданың жаңа интеллектуалдық инфрақұрылымын қалыптастыратын Astana Smart City жобасы туралы мәлімет берілді. Айта кетейік, Alem.ai орталығында таланттарды тауып, оларды даярлаудан бастап АІ-шешімдерін әлемге таратуға дейінгі технологиялық дамудың толық циклі жүзеге асырылады.

