Әзербайжанның Габала қаласында Түркі мемлекеттері Ұйымының XII саммиті өтеді. Мемлекет басшылары кеңесіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Тараптар экономика, сауда, көлік, сондай-ақ гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық әлеуетін тереңдету жолдарын талқылайды. Еске сала кетейік, Ұйым 2009-шы жылы құрылды. Оның құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Бүгінде Қазақстанның аталған құрылым елдерімен тауар айналымы 11 млрд доллардан асады, ал мемлекеттердің өзара алыс-берісі 1 трлн доллардан асып жығылады.

