Қазақстан мен Италия ынтымақтастық аясын кеңейтуде. Елордада
логистика, энергетика, инфрақұрылым мен сауда салаларындағы өзара қарым-қатынасты
дамытуға арналған халықаралық форум өтті. Іс-шара тараптардың серіктестк әлеуетін
талқылау, іскерлік байланыстарын нығайту, өсім мен инновациялар бойынша тәжірибе
алмасу, сондай-ақ бірлескен жаңа жобаларды іске қосу үшін маңызды алаңға
айналды. Жиын барысында бірқатар меморандум мен келісімшартқа қол қойылды.
Олардың бірі энергетикалық көшу және орнықты технологиялар саласындағы ықпалдастыққа
қатысты. Қазақстан мен Италия компаниялары бірлесіп экологиялық таза авиациялық
отын өндіріп, «жасыл» сутек алуға уағдаласты. Бұл ауқымды жобаларды іске асыру
үшін мамандар шикізат қорын бағалайды.
Фабио Фрителли, Nextchem компаниясының басқарушы директоры /Италия/:
- Қол қойылған меморандум - Қазақстандағы бірқатар
бастамалар бойынша болашақ ынтымақтастықтың негізін қалайды. Олар көбіне
энергетикалық көшу жобаларын дамытуға бағытталған. Қазақстаннның жер қойнауында
газ қолжетімді ресурс, сондықтан осы шикізатты өңдеуге ден қоятын боламыз. Біз
бүгінгі таңда Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін ауқымды енгізу алаңына
айналғанын көріп отырмыз. Менің ойымша, Қазақстан қазба отын экономикасы мен
«жасыл» экономика арасындағы көпір рөліне лайықты.
Олжас Шынтаев, Италия-қазақ сауда палатасының вице-президенті:
– Бүгін Қазақстанда мұнай қалдықтарын өңдеуге, биоэтанол шығаруға
және қолда бар басқа да ілеспе технологияларға қажетті жағдай жасағысы келетін
Ludoil Energy сияқты аса ірі компаниялар келді. Олар көптеген мемлекеттерде,
соның ішінде Еуропа мен Бразилия елдерінде жұмыс істейді. Біз қауымдастық
ретінде қазір Мемлекет басшысы атап өткен «Италидан келген Мейд ин Қазақстан»
жобасымен жұмыс істейп жатырмыз. Бұл
Қытаймен одан әрі сауда жасау үшін Қазақстанға белгілі бір итальяндық
компанияларды оқшаулау жобасы.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 260-тан астам италиялық компания
жұмыс істейді. Олар негізінен энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіп және
басқа да стратегиялық салаларда кәсібін дөңгелетіп жүр. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 17 млрд
долларды құрады. Осы ретте қазақстандық экспорттың үлесі басым. Отандық
жеткізілімдер 16 млрд долларға жетті. Ал 2026 жылдың 2 айында ғана елдер 2
жарым млрд долларға сауда жасасқан. Жалпы Италия Еуроодақ елдерінің ішінен
Қазақстанның ірі инвесторларының бестігіне кіреді. Тәуелсіздік жылдары ел
экономикасына салынған италиялық капитал көлемі 9 жарым млрд доллардан асты.

