Астанада Қазақстанның тарихи карталары галереясы ашылды

Астанада Қазақстанның тарихи карталары галереясы ашылды

Астанадағы Президенттік орталықта бұрын жарияланбаған 60-қа жуық сирек кездесетін тарихи карталар көпшілік назарына ұсынылды. Көрменің ашылуы Қазақстан Конституциясының күшіне енуіне орайластырылды. Экспозицияның негізін ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың көпжылдық ғылыми еңбектері құрады. Мұнда ол XI-XIX ғасырлар аралығында араб, еуропа, америка және түркі-мұсылман текті халықтардың карталарын жинаған. Бұл экспонаттар қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлық тарихын айғақтап, көне шекараны, топонимиканы, демографиялық және көші-қон процестерін, сондай-ақ ұлттық мәдениет ерекшеліктерін зерттеуге жол ашады. Осы материалдардың көмегімен бұрын белгісіз болған тарихи қалаларды табуға және қазақ хандарының алғашқы бейнелерін қалыпқа келтіруге мүмкіндік туды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба тарих ғылымын, заманауи технологиялар мен ағартушылық қызметті біріктіретін ғылыми-танымдық алаңға айналады.

Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, ЕҰУ заманауи зерттеулер институтының директоры:

– Зерттеушілік ғұмырымда 10 мыңнан астам карта таптым. Брюссельде екі монография жарық көрді, Атлас кітабында 400-ге жуық карта қайта басылды. Сондықтан осы карталардың барлығы қазақ мемлекеттілігінің тарихын айғақтап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамашылығымен қабылданған Конституцияда көрсетілгендей қазақ мемлекеттілігінің берік тағаны бағзы заманнан бері сақталып келе жатқанын көрсетеді.


1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?