Қазақстанның білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні
енгізу озық цифрлық экожүйе қалыптастыруға ықпал етеді және республиканың өңірдегі
жетекші IT-хаб ретіндегі позициясын нығайтады. Дүниежүзілік банктің халықаралық
сарапшылар кеңесінің төрағасы Пол Кимнің пікірінше, жасанды интеллектіге ерте жастан
баулу және сандық дағдыларды дамыту ұзақ мерзімді ұлттық стратегияның берік іргетасына
айналмақ. Мысалы, Қытай білім беру платформаларын және автоматты бағалауды
дамытып отыр, Біріккен Араб Әмірліктері Жасанды интеллектіні мектеп
бағдарламасына енгізеді, Сингапур бұл технологияларды түрлі пәндерге кіріктірді,
ал Оңтүстік Корея цифрлық оқулықтар мен AI-ассистенттерге сүйенеді. Қазақстан
Президенті қол қойған Жарлық мектептерді жаңа талаптарға сай жаңғыртудан бастап,
оқу процесінде AI-құралдарды қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға дейінгі
стратегиялық мақсатты іс жүзіне асырады.
Пол Ким, Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшылар кеңесінің төрағасы, Stanford University профессоры:
- Біз не істесек те, қандай қадам жасасақ та белгілі бір
дәрежедегі тәуекелдер әрқашан болады. Бірақ, басты тәуекел, ең үлкен қауіп – еш
әрекет жасамау, бәрін баяғы қалпында қалдыру болмақ. Орын алып жатқан эволюциялық
өзгерістерді ескермеуге болмайды. Ал, менің ойымша, білім беру экожүйесін
қамтитын барлық процестерге АІ құралдар енгізуді тәуекелдің ең ұтымдысы деп
санаймын. Жасанды интеллектіні білім алушылардың қажеттілігін түсінуден бастап,
олардың таланттарын анықтауға дейін, тіпті жас өренге қажетті бағытты дамытуға
пайдалануға болады.

