Бүгін референдум күні шетелдегі қазақстандықтар да өз дауысын бере алады.
Барлығы 59 елде 74 учаске ашылды. Сонымен қатар, Орталық референдум комиссиясы Таяу
Шығыстағы әскери шиеленіске байланысты ел азаматтарының қауіпсіздігіне қатер
ескеріле отырып, Ливандағы, Ирандағы және Израильдегі елшіліктер жанындағы сайлау
учаскелерінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды. Қазір республикадан тыс
жерлерде шамамен 12 жарым мың отандасымыз бар.
Алуа Нәдірқұлова, ҚР СІМ ерекше тапсырмалар бойынша елшісі:
- Израильде дауыс беру құқығы бар азаматтардың жалпы саны 53, Иранда 132,
Ливанда 43 азамат. Жалпы 228 азаммат дауыс беру құқығына ие болды. Қазір
уақытта Израильде, Ливанда, Иранда тұратын азматтарынан аса қажеттілік болмаса,
тұрып жатқан жерден шықпауды, қауіпсіздік шаралары барынша күшейтуді, сақтық
пен қырағылық танытуды, жаңалықтарды қадағалауды және биліктің ұсынымдарын
орындауды, сондай-ақ ҚР СІМ аталған елдердегі Қазақстан елшіліктерімен
байланыста болуды сұрадық.
Референдум күні қазақстандықтар уақытша тіркеле алады
Қазақстанда 10 мыңнан астам учаске жұмыс істейді. Олар таңғы сағат 7-де
ашылды. Ал, 84 сайлау пунктінде дауыс беру сағат 06:00 басталды. Олар әскери
бөлімдерде, вахталық кенттерде құрылған. Дауыс беру құқығына 12 млн 244 мың 683
азамат ие. Алайда, егер дауыс берушілердің бірінде тұрғылықты жері туралы тіркелім
болмаса, оны сайлау учаскесінің өзінде алуға болады. Қызметті ХҚКО мамандары көрсетеді.
Ростислав Коняшкин, ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі:
- Тұрғылықты жері бойынша сайлаушыларды кедергісіз тіркеу мақсатында тіркеу
орны ретінде сайлау учаскесінің мекенжайы көрсетіледі. Сондай-ақ, барлық тиісті
есептік жазбалар жасалды, осы процеске қатысатын жауапты тұлғалардың тізімі
анықталды.