Әлемдік нарықтарға жол ашады

Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресі өтті. Шара теңгенің 30 жылдығына орайластырылған. Жиында ТМД және өзге де шет мемлекеттердің орталық банктері мен қаржы институттарының басшылары бас қосты. «Ұлттық төлем корпорациясының» төрағасы Бинұр Жәленов цифрлық теңге платформасының пилоттық жобасын іске қосты.

 

Айнұр Кенжаева «Цифрлық теңге» жобасының жетекшісі:

-Оқушы картаны терминалға тақаған кезде триггер смарт-келісімшарты іске қосылады.   Ол автоматты түрде бюджет қаражатын әкімдікке жібереді. Яғни сізге қандай да бір есепші, делдалдар, есеп айырысу орталықтары қажет емес. Бұл триггер-ол сигнал береді.

 

Технология туралы сөз қозғар болсақ, бұл жерде блокчейн технологиясы қолданылады. Бұл ақылды цифрлық валюта жасауға мүмкіндік береді. Енді әр адам әр цифрлық теңгені өз мақсатында жұмсау үшін бағдарлай алады.

 

Бинұр Жәленов, ҚР Ұлттық банкі «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы:
-
Өзіңізді баласына 10 мың теңге берген ата-анамын деп елестетіп көріңіз. Әлбетте, оның сол ақшаға темекі немесе алкогольді ішімдік алғанын қаламайсыз. Цифрлық теңге сондай жағдайдың алдын алуға көмектеседі. Ал азаматтарға атаулы көмек көрсететін кез-келген мемлекеттік орган да сол ақшаның дұрыс жұмсалуын қадағалауы тиіс. Цифрландырылған ақша осыны қамтамасыз етеді деп айта аламын.

Бұдан бөлек, бүгін қаржыгерлер Конгрессінде Ұлттық валютаның жаңа сериядағы банкноталары таныстырылды. Олар «Сақ стилінде» жасалған. Осылайша, олар бірегей көшпенділер дәуірінен қазіргі, заманауи Қазақстан кезіне дейінгі мұраны бейнелейді.

Санжар Нұрқасымов, ҚР ҰБ Банкноталар  және монеталар дизайны басқармасының бас дизайнері:-
Элементтердің өзі өте айқын, сондықтан Ұлттық банк оларды бетіне шығарып, оны қазақстандықтардың барлығына қолжетімді етуді ұйғарды.

Конгресс өз алаңында 300-ден астам қатысушыларды жинады. Қаржы қоғамдастығының өкілдері қазіргі жағдайдағы Қазақстанның ақша-кредит саясатын, макроэкономикалық тұрақтылық және фискалдық тәртіп мәселелерін, оған қоса, қаржы секторының кибертұрақтылығы мен қаржы нарықтарының жаһандық өзгеруіндегі инновациялардың рөлі тақырыптарын қарастырды.