Қазақстан Президенті Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті. Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты референдумның табысты өтуімен құттықтады. Оның айтуынша, дауыс беру нәтижесі ел азаматтары Президенттің саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын кеңінен қолдайтынын көрсетті. Мемлекет басшысы референдум қорытындысын жоғары бағалағаны үшін Пәкістан Премьер-министріне алғыс айтты. Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің оң қарқынына көңілдері толатынын жеткізді.
Француз көшбасшысы да Қазақстан Президентін жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Эмманюэль Макрон аталған уақиғаның тарихи маңызын, сондай-ақ елді одан әрі жаңғырту жолындағы қарышты қадам екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев референдум нәтижесіне жоғары баға бергені үшін алғыс айтты. Тараптар экономикадағы, әсіресе, индустрия мен энергетика салаларындағы бірлескен күш-жігерді жалғастыруға бейіл екендерін жеткізді.
Израиль Президенті де Мемлекет басшысын телефон арқылы құттықтады.
Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі
жай-күйі мен келешектегі даму перспективасын, әсіресе, сауда-экономикалық және
инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Ицхак Герцог
Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық мемлекетке ұзақмерзімді экономикалық даму
жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет деген пікірімен келісетінін
жеткізді. Израиль Президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы
шешімін жоғары бағалады. Оның пікірінше, бұл Таяу Шығыста бейбітшілік орнату
мәселесіне стратегиялық тұрғыдан қараудың үлгісі болмақ.

