Қазақстандық ЖОО Times Higher Education рейтингіне енді

Қазақстандық ЖОО Times Higher Education рейтингіне енді

Төрт қазақстандық ЖОО Times Higher Education әлемдік рейтингінің үздіктер қатарына енді. Британдық журналда 11 пәндік сала бойынша мыңдаған университеттер ұсынылған. Мәселен Nazarbayev University (NU), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ мен Сәтбаев университеті 9 бағыт бойынша әлемнің үздік оқу орындарының қатарына енді. Атап айтқанда бұл – білім беру, өнер, инженерия, медицина және әлеуметтік ғылымдар. Айта кетейік, рейтинг университеттерді оқыту, ғылыми қызмет, зерттеу сапасы және халықаралық ынтымақтастық сияқты критерийлер бойынша бағалайды.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?