Жаңа оқу жылында 340 мыңнан астам қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады

Жаңа оқу жылында 340 мыңнан астам қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады

Қазақстанда биылғы оқу жылында мектепке баратын оқушылар саны 4 миллионнан асты. Олардың 340 мыңнан астамы бірінші сыныпқа барады. Оқу жылына дайындық мәселелері үкімет отырысында талқыланды.

Ғани Бисембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Жаңа оқу жылының ерекшелігі – орта білім беру жүйесіне ЖИ енгізілетін болады. Ол үшін цифрлық сауаттылық және информатика пәндеріне ЖИ интеграцияланады. Этикалық стандарттары бекітілді. 1-11 сынып оқушыларына арналған «Day of AI» ондайн курстары және педагогтерге арналған курстар әзірленді.

ЖИ 1-4 сыныптар үшін сандық сауаттылық сабақтарына интеграцияланады. Бұл үшін интерактивті сабақтары бар қазақ және орыс тілдеріндегі тегін контент пайдаланылатын болады. Сондай-ақ, жасанды интеллект технологиясын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу жоспарланып отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?