Қазақстан мен Германия су ресурстарын басқару бағдарламасын іске асырады

Қазақстан мен Германия су ресурстарын басқару бағдарламасын іске асырады

Қазақстан мен Германия су ресурстарын басқару бағдарламасын бірлесе іске асыратын болады. Тиісті келісімге еліміздің су ресурстары және ирригация министрлігі мен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы қол қойды. Оның шеңберінде Орталық Азия өңірінде тіршілік көзін ысырап етпей тиімділігін арттыру және Амудария мен Сырдария өзендерінің бассейндерін климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі шаралар әзірленетін болады. Неміс тарапы арнайы гранттар бөліп, сарапшылар мен қажетті жабдықтар түрінде қолдау көрсетеді және жергілікті мамандарды оқытуға септеспек. Сндай-ақ бұл бағдарламаға Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан да қатысады. Аталмыш жобаны 2027 жылдың ақпанына дейін іске асыру көзделіп отыр. 

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
-
Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының қолдауымен су-энергетикалық әріптестік аясындағы өзара қабылданған тетіктерін талқылау жөніндегі өңірлік жұмыс тобының бұл бастамасын  толық қолдаймыз. Бүгінде осы ұйыммен көтерілетін мәселелер негізінен бізге де дән.  Көпті алаңдататын ортақ мәселелер. Біз өзіміздің қолда бар нәрсені бірлесіп кәдеге жарата білуіміз керек. Бұл жерде әр мемлекеттің экономикалық мүдделері барынша ескеріліп, негізге алынған.