Қ. Тоқаев Д. Трамптың арнайы өкілі және АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасарымен кездесті

Қ. Тоқаев Д. Трамптың арнайы өкілі және АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасарымен кездесті

Қазақстан Президенті Дональд Трамптың арнайы өкілін және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасарын қабылдады. Кездесуде Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту әлеуеті талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі кездесу ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындау тұрғысынан нәтижелі болатынына сенім білдірді. Қазақстан Америкамен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікке тың серпін беруге мүдделі. Энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің әлеуеті зор. Мемлекет басшысы жаһандық үдерістердегі Орталық Азияның рөлі артып келе жатқанына тоқталды. Өз кезегінде Серджио Гор мен Кристофер Ландау АҚШ-тың сыртқы саясатындағы аймақтың стратегиялық маңызын растады. Бұдан бөлек, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?