Қазақстан Кипрмен қылмыстық әрі құқықтық салада екі жақты келісім бекітті. Сенаторлар тараптардың құзыретті органдары арасында жасырынып жүргендерді ұстап беру тәртібін реттейтін шартты мақұлдады. Құжатқа сай соттың үкімін орындаудан жалтарған адамның әрекеті екі елде де қылмыстық санатқа жатқызылуы тиіс. Бұдан бөлек, іздеудегілерге кемінде бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы қажет. Сондай-ақ жоғары палата депутаттары тараптар арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы заңын құптады. Бұл шартта да осы бағытта қарым-қатынасты реттеуге арналған бірқатар рәсімдік мәселелер қамтылған.
Мәулен Әшімбаев,
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Мақұлданған
заңдар құқық қорғау саласы бойынша Қазақстан мен Кипр Республикасы арасында
ынтымақтастықты дамытуға арналған. Бұл келісімдер қоғам мен мемлекеттің
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық шарттардың қатарына
қосылады. Келісімнің ережелері ұстап берудің шарттары мен рәсімдерін, сондай-ақ
азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселелерін реттейді. Алдағы уақытта осы
заңдар екі елдің қылмысқа қарсы күрес жолындағы бірлескен қызметінің
тиімділігін арттырады деп сенеміз.
Қазіргі таңда Қазақстанның қылмыстық істер бойынша ұстап беру бағытында басқа елдермен 20-дан астам келісімі бар. Жалпы еліміз бүгінде қылмыстық әрі құқықтық салада 34 мемлекетпен 73 екіжақты шарт жасасқан.