Қазақстан мен Франция білім беру қорын құрды

Қазақстан мен Франция білім беру қорын құрды

Қазақстан мен Франция білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық аясын кеңейтіп келеді. Астанада екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті дамыту үшін «Lumières» (Люмьер) қоры құрылды.  Ол бірлескен білім беру бағдарламаларын, студенттердің академиялық ұтқырлығын және ғылыми жобаларды іске асыруды қолдауға бағытталған. Сондай-ақ, аталған қор қазақстандық студенттердің Франция елінде білім түгестеуі үшін гранттар мен стипендиялар тартумен айналысады. Жоғары оқу орындарының бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылына және сұранысқа ие мамандарды даярлауға ерекше назар аудару жоспарланып отыр. Айта кетейік, қазір Қазақстан мен Франция арасында осы бағыттағы 40-қа тарта бірлескен жоба және 20-ға жуық бағдарлама мен қос диплом бар. Қор Maqsut Narikbayev University базасында жұмыс істейтін болады.


Анар Ибраева, MNU ректоры:


- Биыл қыркүйек айында іске қосылатын жасанды интеллектіні ілгерілету бойынша білім беру бағдарламасы аясында ынтымақтастық аясын нығйтатын боламыз. Ол AI plus X деп аталады, мұндағы X - біздің университеттің бір бағыты. Осы бағыттағы серіктестер тек өзімізден ғана емес Франциядан да табылады деп үміттенеміз.


Сильван Гиоге, Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Біздің мақсатымыз - осындай әріптестік пен қос дипломды бағдарламалар санын арттыру. Мұндай қорлар бізге университеттер серіктестерінің, сондай-ақ кәсіпорындардың қажеттіліктеріне нақты жауап беруге көмектеседі. Өйткені біз Қазақстан экономикасының қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. Жергілікті компанияларға білікті мамандар, кәсіби инженерлер мен техниктер қажет. Қор бұл іске тың серпін береріне нық сенімдіміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?