Астанада ғалымдар зияткерлік ынтымақтастық әлеуетін талқылады

Астанада ғалымдар зияткерлік ынтымақтастық әлеуетін талқылады

Астанада отандас ғалымдар бас қосты. Форумға АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония тәрізді елдерде жүрген қазақ ғалымдары арнайы шақырылған. Ядролық физика, нанотехнологоия, жасанды интелект, медицина сынды бағыттардың мамандары өз жобаларын таныстырып, ұсыныстарын білдірді. Қазақстан тарапы бұл зерттеулерге қолдау танытпақ. Жиында өзара ынтымақтастық аясы талқыланды. Форумда айтылған ұсыныстар мен ғылыми жобалар арнайы жинаққа топтастырылып, кітап болып жарық көреді. Бұл материалдар тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс ретінде жіберілмек. Айта кетейік, «Отандастар қоры» әлемнің дамыған 7 еліндегі қандастардың ғылыми әлеуетін анықтайтын зерттеу жұмысын қолға алған. Ұйымның есебінше, қазірдің өзінде жырақта ғылыммен айналысып жүрген қазақ білімпаздарының саны 500-ден асады.  

Данияр Қадыров, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті: 

- 12 елден 40-тан аса ғалымдарды шақырдық шетелден. Форумға 160 адамнан аса кісі қатысып жатыр. Кейбіреулер осы жерде мысалы, өздері істеп жатқан жобаларының филиалдарын ашқысы келеді, кейбіреулер өздері келіп жұмыс істегісі келеді. Соны қараймыз, ыңғайлы жағдай жасауға тырысамыз.  

Жәдік Шенол, Нейрохирург /Германия/: 

- 25 жылдан бері осындай нейрохуриргиялық жұмыс атқарам. Осы тәжірибемді, білімімді бөлісем деп бірнеше рет ұмтылдым. Осындай сырттағы таланттарды алып келіп, олармен байланыс жасап оларға көмек көрсетіп, осындай мүмкіншілік берген ол өте бір маңызды қадам деп ойлаймын. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?