2026-2028 жылдары Қазақстаннның ЖІӨ орташа өсімі 5,3% құрайды

2026-2028 жылдары Қазақстаннның ЖІӨ орташа өсімі 5,3% құрайды

Алдағы үш жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімнің орташа өсім қарқыны 5,3% жетеді. Үкімет еліміздің 2026-2028 жылдарға арналған және 2035 жылға дейінгі ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдады. Тың көрсеткіштердің негізгі қозғаушы күші нақты сектор мен қызмет көрсету саласы болмақ. 2028-ші жылы экспорт көлемін шамамен 84 млрд долларға жеткізу межеленген. Сонымен қатар, отырыста алдағы 3 жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы құпталды. Жалпы алғанда ел қазынасы теңдестіріліп, Мемлекет басшысының барлық стратегиялық бастамалары ескерілген.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі:

- 2035 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі 66,8 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Кепілдендірілген трансферт 2029 жылдан бастап 2 трлн теңгеге дейін төмендейді. Бюджет тапшылығы 2029 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты біртіндеп 0,4%-ға дейін төмендеп 2030 жылдан бастап нөлдік деңгейге жетеді деп болжанып отыр.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Президент тапсырмасына сәйкес, бюджет әлеуметтік мәселелерге бағдарланған болып қалады. Сонымен қатар, экономиканың өсуін ынталандыруға бағытталған шығыстар да ұлғайтылатын болады. Мұндай шығыстар осы жылмен салыстырғанда келесі жылы жалпы шығыстар құрамында шамамен 11%-дан 16%-ға дейін өсіп отыр. Бұл өз кезегінде жалпы ел үшін маңызы бар инфрақұрылымдық жобалар, бизнесті ынталандыру мен мемлекеттік қолдау шараларынан тұрады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?