Қазақстан мен Ауғанстан 106 млн доллардың коммерциялық құжаттарына қол қойды

Қазақстан мен Ауғанстан 106 млн доллардың коммерциялық құжаттарына қол қойды

Бұл келісімдер елдеріміздің бизнес қауымдастықтары елордада бас қосқан форум аясында жасалды. Бұл орайда айта кетерлік жайт, араптардың алыс-берісі жыл санап артып келеді. Мәселен,былтыр өзара сауда көлемі екі есе ұлғайып 1 млрд доларды құраған. Биылдың 6 айында бұл көрсеткіш АҚШ валютасында 343 миллионға жеткен. Тауар айналымының 90%, яғни 334 жарым млн доллары қазақстандық экспорттың үлесінде. Отандық ұн экспортының 70% Ауғанстанға тиесілі. Бұл әліде толық әлеует емес. Отандық кәсіпкерлер осы елге жіберетін өнімдерінің тізбесін кеңейтуге ниет танытып отыр. 

Серік Жұманғарин, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Диалог алаңы жаңа жобаларға, одан әрі сауда-экономикалық ынтымақтастық бағыттарына негіз болды. Жақын арада елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Біздің есептеулерімізге қарағанда, Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік, мұнай-химия, металлургия, машина жасау салаларының тауарлары бойынша 500 млн АҚШ доллары сомасына жеткізудің экспорттық әлеуетіне ие.

Хайруддин Майель, Ауғанстанның сауда министрлігінің вице-министрі:

- Бүгінгі жиында Қазақстан тарапымен келіссөздер жүргізіп, екі жаққада тиімді болатын бірқатар құжатқа қол қойдық. Мәселен, айына елімізге Қазақстаннан 100 тонна бидай мен 30-40 вагон күнбағыс майын экспорттайтын боламыз. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында ауған кәсіпкерлерінің палатасын құру жөнінде келістік. Бұл өз кезегінде екі жақсы ынтымақтастықты дамытуға серпін беретініне сенімдіміз.      

Еліміз бұнымен шектеліп қалар емес. Орталық пен Оңтүстік Азия торабында орналасқан елдің транзиттік-көліктік әлеуеті өте зор. Ауғаныстанның өкілдері Қазақстан үшін Пәкістан, Үнді және Таяу шығыс нарқына шығатын дәліз болуға дайын екенін жеткізді. Сауда, көлік-логистикасы, транзит елдеріміз үшін басым бағыттар екені анық. Бұған қоса, форум аясында тараптар алдағы уақытта энергетика, инфрақұрылым және телекоммуникация салаларында да бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты.