Германия банктері Қазақстандағы жобаларды қаржыландырады

Германия банктері Қазақстандағы жобаларды қаржыландырады

Қазақстанның даму банкі Германияның жетекші 3 қаржы институтымен 3 инвестициялық келісім жасады. Олар экономиканың жетекші секторларын дамытуға арналған бірнеше отандық жобаларды қаржыландыруға бағытталған. 

Мәселен, бірінші құжатта Германияның ірі конгломератымен бірлесіп, 200 млн доллар салу жоспарланып отыр. Тағы екі құжаттың әрқайсысы бойынша 100 млн долларға келісім жасалды. Олар Германияның өзге банктерімен әріптестікті көздейді. Бірінші құжат кредит агенттіктерінің қолдауымен экспорттық келісімдерді қаржыландыруға бағытталса, екіншісі – еліміздегі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды қолдауға негізделеді. 

Айта кетейік, бұл 3 құжат Германияның Федералды Канцлері – Олаф Шольцтың Астанаға сапары аясында өткен Қазақ-неміс бизнес-форумының шеңберінде жүзеге асырылып отыр.