Қазақстан цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту саласындағы әлемнің ең мықты елдерінің ондығына енді

Қазақстан цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту саласындағы әлемнің ең мықты елдерінің ондығына енді

Қазақстанның цифрлық трансформация саласындағы табысты тәжірибесі әлем назарында. The World Financial Review аталмыш тақырыпқа сай талдамалық мақала жариялады. Материалда Қазақстанның ІТ технологиялар саласында өңірлік көшбасшыға айналып келе жатқаны жазылған. Елімізде қаржылық технология секторы дамып қана қоймай, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жүйелі түрде жүргізілуде, кең жолақты интернетті пайдалану кеңейтілуде, ЖИ экожүйесі қалыптастырылуда және стартап ортада белсенді халықаралық ынтымақтастық жүргізілуде. Қорытындылай келе, Қазақстан онлайн қызметтердің даму деңгейі бойынша әлемдегі үздік он елдің қатарына кіреді және Еуразиядағы цифрлық жаңғырудың үлгісіне айналып келеді. Көшбасшылар тізімінде Қазақстаннан бөлек Оңтүстік Корея, Эстония, Дания және басқа елдер де бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?