Солтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 469 млрд теңгеге бағаланған 39 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Биыл 15 жоба тапсырылады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аймақтың дамуы жөнінде есеп берді. Ал аграрлық секторда 80 млрд теңгенің 27 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Қазір 13 сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр, оның 6 жыл соңына дейін іске қосылады. Бұл өңірдің құс еті, сүт өнімдері және көкөністерге деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар аймақ басшысы диқандар биыл 3,7 млн тонна астық жинағанын жеткізді.
Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
– Солтүстік Қазақстан облысы экономикасының барлық негізгі салаларында оң динамикасы бар. Инвестиция көлемі 20% өсті. Сонымен қатар, құрылыс, өнеркәсіп және тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсімі тіркелді.