Үкімет басшысы Павлодар облысындағы «Бозшакөл» мыс кенішінің жұмысымен танысты

Үкімет басшысы Павлодар облысындағы «Бозшакөл» мыс кенішінің жұмысымен танысты

Қазақстандық мыс Қытай, Түркия, Өзбекстан мен Бельгияға жөнелтіледі. Бұл тек еліміздегі «Бозшакөл» мыс кенішінің экспорттық әлеуеті. Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапары аясында өндіріс ошағының технологиялық үдерістермен танысты. Кәсіпорын мыспен қатар, алтын, күміс және мырыш өндіреді. Зауыт жылына шамамен 30 млн тонна кен өңдейді. Өндірістік алаңдарда заманауи технологияларды енгізу, оның ішінде жасанды интеллект жүйелерін дамыту қолға алынған. Карьерлерді 3D модельдеу жүйелері мен дрондар қолданылады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Өңдеу саласын дамытып, жоғары өңделген тауарлар өндіруді арттыру қажет. Салық кодексінде мұндай тауар өндіретіндер салықты аз төлеу үшін қосымша жеңілдіктер қарастырылған. Бұның барлығы өңдеу саласын ынталандыру үшін жасалып жатқан қадамдар. Яғни, қаражат өз елімізде қалады деген сөз. Қазір көптеген елдер қазақстандық шикізатты өңдеуді дамытуда.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?